Алматыда үстіне теледидар құлаған алты жасар бала қайтыс болды

24 Желтоқсан 2014, 11:23
0
Алматыда үстіне теледидар құлаған алты жасар бала қайтыс болды - ©Almaty.freeads.kz
©Almaty.freeads.kz

Алматыда үстіне теледидар құлап кеткен алты жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға 23 желтоқсанда шамамен сағат 20.00-де Брусиловский және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы "Манхеттен" тұрғын үй кешенінде болды. Көршілер жетінші қабаттан жарылыстың дыбысын естіген. Оқиға орнына жедел құтқару қызметі шақырылды. Пәтерді қарап шығу кезінде құтқарушылар үйде жалғыз қалған 6 жасар баланың үстіне теледидар құлғанын анықтады. Баланың анасы оны дәрігерлерге өзі алып шыққан. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын анықтады, оның өлімі кежеге сүйегінің сынуынан болуы мүмкін.     

Алмалы ауданының полицейлері тергеу сараптамаларын жүргізу үшін баланың денесін мәйтханаға алып кетті. 

Еске сала кетейік, таяуда ғана Қарағандыда үй қабырғасына бекітілген теледидардың бір жасар баланың басына түсіп кеткені хабарланған болатын. Ауруханаға жеткізілген бала есін жинамастан қайтыс болды. Ал тамыз айында Ақтауда терезеден лақтырылған теледидар үш жасар баланың үстіне түскен еді. Бала комаға түсіп, көру қабілетінен айырылып қала жаздады. Туыстары кінәлі адамнан 11 миллион теңге өндіріп алғалы отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай