23 қыркүйек 2021 14:21

Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматы бассейнінде 11 бала уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы бассейнінде 11 бала уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, балалар жедел жәрдеммен жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілген.

"Олар бассейндегі сабақ кезінде хлор буына уланып қалған. Балалардың жасы 12-14-те. Барлығының жағдайы тұрақты, мамандандырылған бөлімге жатқызылды", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алмалы ауданының санитария дәрігерлері бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети