ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері 25 қазанда Алматының Жароков көшесінің бойында орналасқан кафеде болған алапат өрттің алдын ала себебптерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері 25 қазанда Алматының Жароков көшесінің бойында орналасқан кафеде болған алапат өрттің алдын ала себебптерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өрттің неден шыққанын анықтау үшін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің сынамалы өрт лабораториясы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша - от қою", - деді комитет өкілдері.
"Динара" кафесінде шыққан өрттің салдары қандай?
Сонымен қатар, kolesa.kz мәліметінше, әлеуметтік желіде кафеге қарама-қарсы орналасқан кеңселердің бірінде орналасқан бейнебақылау камерасы түсірген видео жарияланған.
Видеода бірінші жарылыс болғаны, сосын барып алапат өрт шыққаны түсірілген.
Еске салайық, бүгін түнде Алматыда Алмалы ауданы, Жароков көшесінде орналасқан "Динара" кафесінде өртеніп кетті. Өрт жайлы хабар "101" пультіне сағат 04.16-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан соң сағат 04.23-те келген. "Өрт сағат 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де сөндірілді. Өрттің аумағы - 280 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде кафе өртке оранып жатты. Бір қабатты кафе мен Toyota RAV4 пен Nissan Primera көліктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Бұдан бөлек төрт көлік бүлінген: Nissan Tino, Toyota Avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru Legacy. Tesla көліктеріне арналған жанармай станциясы мен "Алматы Байк" компаниясының он велосипеді бүлінген. Өрт бес қабатты әкімшілік ғимараттың ауласына да жеткен", - делінген хабарламада.