25 қазан 2018 13:43

"Динара" кафесінде шыққан өрттің салдары қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлаж © Tengrinews.kz фотоколлаж

Алматыда түнгі уақытта "Динара" кафесі өртеніп кетті. Куәгерлер Tengrinews.kz тілшісіне өрт туралы және өрттен кейінгі жағдайды мәлімдеді. 


Алматыда түнгі уақытта "Динара" кафесі өртеніп кетті. Куәгерлер Tengrinews.kz тілшісіне өрт туралы және өрттен кейінгі жағдайды мәлімдеді. 

Көрші үйде тұратын Еленаның айтуынша, өрт туралы ол күйеуінен білген. 4:20-да ұйқысынан оянып кеткен.

"Жолдасым бірдеңенің дыбыстарын естіп, терезеге қарады. Біз осы кафе орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы тұрамыз. Барлығы жанып кеткен екен. Тұрақта тұрған екі көлік өртеніп кеткен екен. Біздің көлігіміз де 100 метр жерде тұрған еді. Кафенің шатыры лаулап жатты. Оны жолға қарай лақтырды. Ағаштар мен көліктер өртенді", - деді әйел адам. 

Өрт салдарынан бес қабатты үйдің беті бөлігі бүлінген, Жамбыл көшесінің бойындағы автокөліктер өртеніп кеткен. Келесі ғимараттағы кеңсенің терезелері шағылып, жалюзі өртенді. Сонымен қатар Tesla компаниясының электр толтыру бекеті зардап шекті. 

Сонымен қатар, Жамбыл көшесінің бойында велотұрақ бар. Өрт салдарынан велосипед орындықтары мен дөңгелектері бүлінген. 

Осыған дейін, Тoyota RAV4 және Nissan Primera автомобильдері өртеніп кеткені туралы хабарланды. Өрттің ысынан тағы төрт көлікке зақым келген: Nissan Tino, Toyota Avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru Legacy. 


© Tengrinews.kz

Еске салайық, бүгін түнде Алматыда Алмалы ауданы, Жароков көшесінде орналасқан "Динара" кафесінде өртеніп кетті. Өрт жайлы хабар "101" пультіне сағат 04.16-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан соң сағат 04.23-те келген. "Өрт сағат 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де сөндірілді. Өрттің аумағы - 280 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде кафе өртке оранып жатты. Бір қабатты кафе мен Toyota RAV4 пен Nissan Primera көліктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Бұдан бөлек төрт көлік бүлінген: Nissan Tino, Toyota Avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru Legacy. Tesla көліктеріне арналған жанармай станциясы мен "Алматы Байк" компаниясының он велосипеді бүлінген. Өрт бес қабатты әкімшілік ғимараттың ауласына да жеткен", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети