20 наурыз 2014 14:53

Алматыдағы жарылыстың жай-жапсары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматыдағы жарылыс кезінде 27 жастағы Роман Поздняков қайтыс болды - жігіт РГД-5 гранатасымен өзін-өзі жарып жіберген деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көршілер сағат 19.00 шамасында бірінші қабаттан гүрсілді естіген. Олардың айтуынша, біршама уақыттан соң Поздняковтың анасы баспалдаққа шок жағдайында жүгіріп шыққан. "Қатты гүрс етті. Мен бірінші шықтым. Анасы төменде тұрды, содан кейін көршілер шыға бастады, полиция жылдам жетті. Бәрін қоршауға алды", - дейді көршілердің бірі. Романның достарының айтуынша, жігіт бірнеше жыл бұрын пышақ жарақатын алып, мүгедек болып қалған. Жәрдемақы алып тұрған, салмақты түрде айналысатын ісі болмады. Оқиғаның алдында ол әлеуметтік желіде достарымен сөйлескен, ешкім оның сөздерінен күмәнді ештеңе байқамаған. "Бәрі жақсы болатын. Өзіміз қатты таңғалып отырмыз. Гранатаны қайдан алған? Ол көп уақытын үйде өткізетін, кейде сыртқа шығып, орындықта отырады. Біршама уақыт бұрын ол исламды қабылдады. Бірақ осылай жарылыс жасау туралы ойлары болмады. Көзқарасы дұрыс, тәртібі жақсы болатын, анасы "Қазпоштада" жұмыс істеді. Қазір оны туысқандары алып кетті", - дейді Романның достарының бірі Олег Колмаков. Жарылыс болған пәтер мөр басылып жабылды. Оқиға орнында криминалистер тобы жұмыс істеп жатыр. Жігіттің бөлмесінде терезе сынған, жарылыс қабырғалар мен жиһаздарды зақымдаған. Көршілер мен Поздняковтың анасы зардап шеккен жоқ. Бүгін қалалық ішкі істер департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді. "Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз алу және сақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Барлық қажетті сараптама белгіленді, дене немесе қалдықтар сот-медицина сараптамасына жіберілді. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілі Салтанат Әзірбек. Еске салайық, жарылыс 19 наурыз күні "Орбита-4" ықшамауданындағы №6 үйде болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети