21 қыркүйек 2015 13:15

Алматыдағы жол апаты кезінде трамвайда жүргізуші болмаған - куәгерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алқабаев © Шоқан Алқабаев

Куәгерлер Алматыда болған жол-көлік оқиғасы туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Олардың айтуынша, бірнеше автомобильді соққан трамвайдың жүргізушісі болмаған.


Куәгерлер Алматыда болған жол-көлік оқиғасы туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Олардың айтуынша, бірнеше автомобильді соққан трамвайдың жүргізушісі болмаған.

Колледж студенті Самал Жұмаханованың айтуынша, №4 трамвай Байтұрсынов пен Шевченко көшелерінің бойында тоқтап, жолаушыларды түсірген. Кейін жүргізуші шығып, көлікті жөндей бастаған. Қыздың айтуынша, бұл уақытта трамвай Байтұрсынов көшесінің бойымен өздігінен жүріп кетіп, жолдың жиегінде тұрған оннан астам көлікті соғыпты. Осыған дейін жол-көлік оқиғасында автомобиліне зақым келген жүргізушілердің бірі бір қыздың жарақат алғанын айтып берген еді. Ол жолдан өтіп бара жатқан. Ол ауруханаға жеткізілді.

Екінші куәгер Сәкен Аблановтың айтуынша, ол трамвайдың бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кеткенін байқап қалған. Ол көліктің жүргізушісіз қозғалып келе жатқанын растады. Байтұрсынов көшесіне қарай бұрылып жатқанда трамвай рельстен шығып кеткен.


©Шоқан Алқабаев

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети