Алматыда жол бойындағы жанжалға қатысушылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 
Алматыда жол бойындағы жанжалға қатысушылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 
Еске сала кетейік, 20 маусымда Интернетте белгісіз біреу жұрттың көзінше ер адамды қылқындырып жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Оқиға Алматы қаласында 20 маусым күні сағат 18.00 шамасында болды. Бұл оқиғаны әйел адам видеоға түсіріп, адамды өлтіріп жатыр деген пікірмен жариялаған. Жәбірленушіге көмектесуге ешкімнің асықпағанын роликтен көруге болады. Бірнеше секундтан кейін ер адам құлап түсті.
Кейін полициядағылар оқиға болардан біраз бұрын жүргізушілер жолда жанжалдасып қалып, кейін Райымбек даңғылының бойында олар тоқтап, біреуі екіншісіне қол жұмсап, кейін екеуі де автомобильдеріне отырып қозғалысты жалғастырғанын хабарлаған болатын.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, видеодағы екі ер адам: Mercedes маркалы автомобильдің 1992 жылы туылған жүргізушісі және Volkswagen Passat көлігінің 1994 жылғы жүргізушісі екені анықталды. Күш көрсеткен Mercedes жүргізушісі болып шықты. "Екеуі де ұсталды. Іс сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" бабы бойынша тіркеуге алынды", - деді Әзірбек.
Қалалық ІІД өкілі Алматыда болған оқиғаның куәгерлеріне қатысты құқықтық баға берілетінін айтты. Осыған дейін хабарланғандай, аталған дерек бойынша полицияға ешкім шағым түсірмеген. Сонымен қатар, куәгерлер де "102" номеріне қоңырау шалмаған.