28 мамыр 2018 | 13:20

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында төбелескендерге қатысты жаңа дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Тұңғыш Президент саябағында төбелескендерге қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Тұңғыш Президент саябағында төбелескендерге қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, олар мектеп түлегі емес.

"Тексеріс барысында төбелескендердің екеуі 20-да, қалған екеуі 18-де екені анықталды. Олар ешқайда оқып жатқан жоқ, бірі даяшы болса, екіншісі техникалық қызмет көрсету орталығында шебер. Олардың Алматы облыстық Қарасай ауданындағы қандай да бір білім беру мекемесіне қатысы жоқ", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Өз кезегінде Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі тексеріс барысында төбелескендердің өңірлік білім беру мекемелеріне еш қатысы жоқ екені анықталғанын хабарлады. 

Төбелескендер "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған. 

Мұның алдында Алматы облысындағы мектептердің бірінің түлектері Алматыдағы Президент саябағында төбелес шығарды деген ақпарат тараған еді. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети