12 қазан 2018 15:45

Алматыға жақын маңда қабаған ит аулада ойнап жүрген балаға шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда балалар алаңында үш жасар балаға қабаған ит шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда балалар алаңында үш жасар балаға қабаған ит шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 11 қазанда "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде болды. Иттің балаға шабуыл жасаған сәті үйлердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Видеода бала әткеншекте ойнап отырған, ал әйел болса, оның жанында тұр. Бір сәтте аулада ит пайда болып, балаға шабуылдайды. 

"Кеше әйелім балаларыммен аулада серуендеп жүрген. Үш жасар балам әткеншекте отырған, ал сегіз айлық балам бесік арбада ұйықтап жатқан. Үлкен овчарка кенеттен балама бас салып, сүйреп алып кетпекші болған. Әйелім онымен арпалысқан.  

Төбет баланың күртесін жұлмалап тастаған, бірақ денесін зақымдамаған.

"Ауруханада болдық, ұлым шок алған - жылап, кекештеніп, сыртқа шыққысы келмейді. "Әке, төбет, төбет" дейді. Басқа ештеңе айта алмайды, қатты қорқып қалған. Ондай ит ересек адамға шабуыл жасаған күннің өзінде ол қауіпті. Дәрігерлер баланы психологқа апаруға кеңес берді", - дейді баланың әкесі Ақжол. 

Ер адамның айтуынша, иттің иесі арнайы оны тұмылдырықсыз аулаға алып шыққан. 

"Шабуылдан кейін иттің иесі аулада болған адамдардың барлығына айғайлап, өздері кінәлі екенін айтқан. "Сен маған не істей аласың? " деп менің әйеліме жекіген. Ешқандай кешірім сұрау деген жоқ. Ол өзін дербес құқықты адам деп санайтын болар. Егер дәл сол жерде жағдайды түсіндіріп, қолымнан шығып кетті деп кешірім сұраса, біз де адамбыз ғой түсінер едік. Бірақ олай болмады. Әйелім "102-ге" қоңырау шалды. Учаскелік полицей болмағандықтар, ол бөлімшеге барып арыз жазды. Мен соңына дейін барамын", - деп түйіндеді Ақжол. 

Зардап шеккен баланың әкесі таяу уақытта ит иесіне шағымданып, сот арқылы моральдық және материалдық залалдың орнын толтыруды талап ететінін айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети