11 маусым 2024 11:58

Алматылық автобуста видеоға түсіп қалған қалта ұрысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы автобустардың бірінде әйелдің мойнындағы әшекейін білдірмей шешіп алмақ болған қалта ұрысы ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы автобустардың бірінде әйелдің мойнындағы әшекейін білдірмей шешіп алмақ болған қалта ұрысы ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ұсталған 1983 жылғы ер адам бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

"Қазір ол қамауға алынған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы автобустарының бірінде жолаушы әйелдің мойнынан алқасын шешіп алмақ болған ер адамды "білдірмей" түсіріп алған куәгердің видеосы тарады.

Видеода ер адам алдындағы орындықтың арқасына қолын қойып отырғаны көрінеді. Ол өз әрекетін жасыру үшін қолына күртешесін жауып қойған. Бұл ретте ол алдыңғы орында отырған әйелдің мойнынан әшекейін шешіп алмақ болады. Ер адамның "шебер" қимылдағаны сонша, жолаушы әйел ештеңеге сезіктенбейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети