14 тамыз 2018 | 17:51

Алматылық дәрігердің баласы өлтірілген: Күдікті марқұммен бір мектепте оқыған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанұр Байқоныс Алматыдағы № 173 лицейдің бұрынғы оқушысымен төбелескеннен кейін қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім беру мекемесінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жанұр Байқоныс Алматыдағы № 173 лицейдің бұрынғы оқушысымен төбелескеннен кейін қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім беру мекемесінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Мұғалімдері марқұмның сабырлы, салмақты болғанын және қыайлық ЖОО-ға түсуді жоспарлағанын, бірнеше тіл білетінін айтып отыр. Жанұр Байқоныс ҰБТ тапсырудан бас тартып, Қытайға кеткісі келіпті. Педагогтар қақтығыс себебі белгісіз екенін айтады.

"Жанұр биыл мектеп бітірді, үздік емес, бірақ "4" пен "5"-ке оқыған. Ағылшын, орыс, неміс және қытай тілдерін білді. Биыл ол ҰБТ-дан бас тартып, Қытайға кеткісі келген. Достары Жанұрдың 20 тамызда Қытайға аттанғалы жатқанын айтты. Сабырлы, салмақты бала еді. Жекпе-жекке шығып, төбелескен", - деді №173 мектеп-лицейінің әкімшілігіндегілер.

Жанұр Байқонысты өлтірді деген күдікті одан бір сыныпқа төмен оқыған және № 173 мектеп-лицейінде оқыған. Мұғалімдердің мәліметінше, олар бұған дейін жанжалдаспаған. ТЖ кешкі уақытта болған.

"Екінші баланың ата-анасы осы ауданнан баспана сатып алып, оны бізге жетінші сыныпта алып келген, сегізінші сыныпта ол басқа мектепке ауысты", - деді лицейдегілер.

Ал мұның алдында қылмыс жасады деген күдіктінің ұсталғаны хабарланған. 18 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты Әуезов аудандық ішкі істер департаментінің полиция басқармасында қылмыс белгілері бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр. 

"Қылмыс жасады деген күдікті А. ұсталып, ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. А. 2002 жылы туған. Ол кінәсін мойындады", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, жедел тергеу тобы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау үшін жедел шаралар кешенін жүргізіп жатқаны айтылады. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Мұның алдында Алматыда "Ақсай" университет клиникасы бас дәрігерінің орынбасарының ұлын өлтіріп кетті деп хабарланған. Қазақ ұлттық медицина университетінің ресми парақшасында жігіттің жақындарына көніл айтылып, хабарлама жарияланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети