11 желтоқсан 2019 | 11:36

Алматылықтар "Алғабаста" тұрғын үйдің қисайғанын хабарлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Зерделі-6" (бұрынғы "Алғабас" ) ықшамауданындағы № 179 үйдің тұрғындары көпқабатты үйдің қисайып жатқанын айтады. Тұрғындар қала әкімдігіне хат жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Зерделі-6" (бұрынғы "Алғабас" ) ықшамауданындағы № 179 үйдің тұрғындары көпқабатты үйдің қисайып жатқанын айтады. Тұрғындар қала әкімдігіне хат жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы үйдің тұрғыны Данияр Мұхаметов 8 желтоқсанда үйдің қисая бастағанын байқағанын айтады.

"Көрші үймен салыстырғанда біздің үй қисайып жатыр. Тұрғындар, көршілер барлығы шағымдана бастады. Есікті жабу да қиындап кетті. Кеше ТЖ қызметкерлерін, әкімдіктегілерді шақырдық, үйді қарап кетті", - дейді Данияр.

Айта кетейік. бұл үй "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылы пайдалануға берілген. №179 үйде барлығы 72 пәтер бар екен.

Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне хабарласты, алайла олар әзірге жауап беруге дайын еместігін айтқан.

Қалалық ТЖД өкілдері болса, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Олардың айтуынша, осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды.

Еске салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын да "Алғабас" тұрғындары көпқабатты үйдің қисайғанын айтып шағымданған болатын. 2016 жылы бұл үйдің тұрғындары эвакуацияланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети