Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Алтынбаев: Біздің авиацияның қауіпсіздік жүйесінде олқылық бар

25 Қыркүйек 2014, 13:02
0
Мұхтар Алтынбаев. ©Тұрар Қазанғапов
Мұхтар Алтынбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев Су-27 апатына қатысты түсінік бере отырып, мұндай апаттарды болдырмау шараларын қабылдау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда әуе апаттарының қайталануына алаңдаушылық білдірді. "Азаматтық авиацияда да, әскери авиацияда да қауіпсіздік мәселелері жүйесінде олқылық бар деп айтқым келеді. Апаттардың барлығын мұқият зерттеп, әуе апаттарының алдын алу үшін айтарлықтай жоғары деңгейде шаралар қолдану керек. Ең бастысы, авиацияда заң бар: егер апат болса себептерін анықтап, ол себептерді жою керек, оны жоюдың шараларын анықтау керек. Бізде, өкінішке қарай, Қарағандыда апат болған еді, полк командирі қайтыс болды, ал біз оның себебін білмейміз. Бұл өте жаман", - деді Алтынбаев журналистерге Парламенттің жоғарғы палатасының жалпы отырысы кезіндегі үзілісте.

Бірінші кезекте ол марқұмдардың отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтты. "Бұл - үлкен трагедия, біз тәжірибелі ұшқыштардан, қымбат техникадан айырылдық. Бүгіннен бастап комиссия жұмыс істей бастады, оқиғаның себебі туралы алдын ала айтудың қисыны жоқ деп ойлаймын. Өз жұмысынан соң комиссия егер анықтай алса, оқиға себебін айта жатар. Әрине, ең бастысы, дыбысжазғыш құралдарды, қара жәшікті табу керек", - деді Алтынбаев.

"Маман ретінде, бұрынғы ұшқыш ретінде ары қарай бұлай жұмыс істеуге болмайтынын айтқым келеді. Тоқтау керек. Себебі тәжірибелі ұшқыштарымызды, бағалы техникаларымызды жоғалтып жатырмыз, ал марқұмдардың отбасында қандай трагедия екенін өздеріңіз де білесіздер, айтып жеткізу қиын", - деді ол.

Ол бір кездері ұшқыштардың қауіпсіздігі мәселелерімен айналысқанын айтты. "Біз ұшқыштардың отбасында қандай жағдай екенін, олардың зайыптары, балалары туралы, олардың қалай демалатынын, қалай тамақтанатынын, денсаулығын, ұшуларға қалай дайындалатынын біліп отырдық. Дайындық деңгейі ерекше бақылауда болды. Авиаторларға қамқорлықпен, құрметпен қарау керек, бұл жерде біздің жалпыармиялық көзқарасымызға, солдафоншылдыққа жол жоқ", - деді сенатор.

Еске сала кетейік, 23 қыркүйек күні сағат 20.42-де Алматы облысында оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Әскери ұшақ Талдықорғаннан 100 шақырым қашықтықтағы Көксу елді мекені ауданына құлады. Техниканың қалдықтары апат орнынан 500 метрден артық радиусқа ұшқан. Су-27 ұшағын подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов басқарған.

ҚР Қорғаныс министрлігі Су-27 ұшағының қарапайым метеожағдайда, орташа биіктікте және әскери жарақ жиынтығынсыз ұшырылғанын хабарлады. ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаевтың айтуынша, экипаж - өте тәжірибелі, жоғары сыныпты ұшқыштар.

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ұшақ 2009 жылы Беларусьте күрделі жөндеуден өткен. Ұшқыштардың денесі Су-27 апатынан бір тәуліктен соң табылды. Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай