Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауының алдын ала себептері жария етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауының алдын ала себептері жария етілді ©Gorod48.ru

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағы тұманнан апатқа ұшыраған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖД Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағы тұманнан апатқа ұшыраған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖД Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ тұманның салдарынан болған көру мүмкіндігінің нашарлығы жағдайында қонуға әрекет жасап, жерге құлаған. Апат болған жерде Қарағанды және Жамбыл облыстарынан Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. "Ұшақ апатының тергеу жұмыстарымен Жамбыл облысы ІІД жедел-тергеу тобы айналысып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Балқаш - Шатыркөл бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ан-2 ұшағы 20 қаңтарда сағат 15.40-та Жамбыл облысындағы "Шатыркөл" кен орны маңында құлаған болатын. "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС "Шатыркөл" кен орнының күшімен жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде сағат 17.01-де құлаған ұшақ кен орнынан 20 шақырым жерде табылды. Ұшақта болғандардың төртеуі "Қазақмыс" корпорациясы қызметкері екені хабарланды. Ұшақтың құлауынан экипаждың 3 мүшесі, сондай-ақ 3 жолаушы қаза болды. Ұшақ құлаған орында тірі қалған бір әйел адам табылды, ол ауруханаға жеткізілді. 1986 жылы туған зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, оның бірнеше жерден сүйегі сынған, миы шайқалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети