Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егін алқаптарын химиялық өңдеу барысында АН-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан ұшқыш қаза тауып, екі экипаж зардап шекті. Апаттың себебі анықталуда. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Тергеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабар 24" арнасы ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде түсірілген видео жариялады.
Еске салайық, Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады.
Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады
"20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады", - деді Нұрахметов.
Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапқан, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы дерек бойынша тергеу жүргізіледі.