20 маусым 2019 11:48

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады", - деді Нұрахметов.

Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапқан, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы дерек бойынша тергеу жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети