Оралда өртте қарт адам мен сегіз жастағы бала қаза тапты. Көршілері зейнеткер мен оның немересін өрттен алып шығуға тырысқан, бірақ құтқара алмады, - деп хабарлайды "Мой город".
Оралда өртте қарт адам мен сегіз жастағы бала қаза тапты. Көршілері зейнеткер мен оның немересін өрттен алып шығуға тырысқан, бірақ құтқара алмады, - деп хабарлайды "Мой город".
Портал мәліметінше, өрт 11 желтоқсанда Куличев көшесіндегі үйде шамамен 23.00-де басталған. Полициядағылардың айтуынша, өрттің алдын-ала себебі қысқа тұйықталу болған. Тәртіп сақшылары үйде зейнеткер мен немересінен басқа да отбасы мүшелері болғанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта үйде бір отбасының бес адамы болғаны белгілі. Өкінішке қарай, қарт адам (атасы) мен сегіз жастағы баланы құтқара алмадық. Отбасының тағы бір мүшесін жедел жәрдем көлігі алып кетті", - дейді Орал полиция басқармасының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев.
Көршілері отбасыға көмектесу үшін жанып жатқан үйге кіруге тырысқанын айтады. Алайда, өрттің қатты болғаны соншалық, олар көмектесе алмаған.
"Үйде болғанбыз, сол кезде қақпаның соғылғанын естідік. Кейін баланың "Ана, ана!" деген даусы естілді. Терезеге қарасақ, бәрі жанып жатыр. Жақсы отбасы, отағасы кәріз машинасында жұмыс істейді", - деді көршісі Владимир Горбунов.
Портал мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріс үстінде.
Фото: "Мой Город"/Медет Медресов
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!