12 желтоқсан 2020 16:02

Оралда атасы мен немересі қаза тапқан қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдаь зейнеткер мен немересі қаза тапқан қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды. Үйдегі өрттің салдарынан қарт адам мен сегіз жастағы бала қаза болды. Алайда өрттен басқа да отбасы мүшелерін отставкадағы өрт сөндірушілер құтқара алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралдаь зейнеткер мен немересі қаза тапқан қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды. Үйдегі өрттің салдарынан қарт адам мен сегіз жастағы бала қаза болды. Алайда өрттен басқа да отбасы мүшелерін отставкадағы өрт сөндірушілер құтқара алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Орал қаласының полиция қызметкерлері өрттен кейін Қылмыстық кодекстің 204-бабы ("Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала нұсқа бойынша, жеке үйдегі өрт пештің ақауынан болған.

"Үйде бес адамнан тұратын отбасы болған. Анасы түнде даладағы дәретханаға шыққан. Қайтып келгенде пештің өртеніп жатқанын көреді. Кәмелетке толмаған ұлы мен оның атасы үйде ұйықтап жатқан. Олар қаза тапты. Әйелдің күйеуі мен қызы терезеден секіріп, көшеге шығып үлгерген", - деді Орал полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аскар Шайгумаров (@askar19745)

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы төрт жастағы қыз бен 43 жастағы ер адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

"Қыз бен ер адам жеңіл дәрежеде көміртегі газымен уланған. Ер адамның жарақаттары да бар. Ол қалалық жалпы ауруханаға жеткізілді", - деді ведомстводағылар.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 101 панеліне өрт туралы хабарлама 12 желтоқсанда 00.17-де түскенін атап өтті. Тұрғын үйдің төбесі, жиһаз бен жеке заттар өртенген. Өрт орнынан 27 литрлік газ баллоны шығарылды.

"Өрт орнына бірінші болып Өрт сөндіру және құтқару қызметінің бұрынғы басшысы Мұрат Баев жетті. Отставкадағы құтқарушы зардап шеккендерді өртеніп жатқан үйден шығаруға көмектесті", - деді департаменттегілер.

Үйдің өрттен толығымен қирағаны хабарланды: ағаштан жасалған қабырғалар, шатыр мен шифер. Өрт 01.38-де сөндірілді. Өрт ауданы 80 шаршы метр болды. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінен 21 қызметкер мен жеті техника жұмылған.

Еске салайық, 11 желтоқсанда кешке Оралда жеке үй өртенген болатын. Өрттен 67 жастағы ер адам мен оның сегіз жастағы немересі қаза тапқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети