08 қазан 2015 | 23:59

Анасы терезеден лақтырып жіберген сәби ауруханадан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Анасы терезеден лақтырып жіберген 1,5 жасар сәбидің денсаулығына қауіп жоқ. Ауыр жарақатынан құлан таза айығып, туыстарының қолына табысталды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Анасы терезеден лақтырып жіберген 1,5 жасар сәбидің денсаулығына қауіп жоқ. Ауыр жарақатынан құлан таза айығып, туыстарының қолына табысталды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сәби жан сақтау бөлімінен шыққаннан кейін №2 қалалық балалар ауруханасында оңалтудан өткен. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабековтың айтуынша, бұдан кейін де баланы әрі қарай бақылау керек. "Сондықтан жергілікті емханаға бақылау қажеттілігі туралы нұсқау беріліп шығарылды. Екінші науқас - 1982 жылғы туылған науқас анасы - орталық емханадан 25 қырқүйекте №1 қалалық емхананың реабилитациялық бөліміне ауыстырылды. Онда оңалтудан, симптоматикалық ем қабылдап, массаж алып жатыр. Жақында оны да шығару жоспарда бар", - деді Исабеков.

Сонымен қатар, дәрігерлер бөбектің анасына сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оны психологиялық тексеруден өткізетіндерін айтты. 

Еске сала кетейік, оқиға 5 қыркүйек күні Сәтбаев көшесіндегі 109-үйде болған. Әйел алдымен кіші қызын лақтырып, артынан үлкен қызын лақтыруға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, 8 жастағы Айша шамасы келгенінше қарсылық білдіріп, айғайлаған. Бірақ анасы пышақ қолданып, оны ақыры итеріп құлатқан. Оқиға болған кезде отағасы үйде болмапты. Оның қазір қайда екені - белгісіз. Алматы полициясы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети