17 мамыр 2018 09:38

"Анасына пәтер әперуді армандайтын". Рудныйлық студент жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ng.kz, отбасы мұрағатынан алынған сурет © ng.kz, отбасы мұрағатынан алынған сурет

Рудныйда микроавтобус пен BMW соқтығысып, салдарынан медициналық ЖОО-ның 25 жастағы студенті Дархан Кәрімов қаза болды. Ол Жітіқарада әжесіне берілген астан қайтып, Қостанайға келе жатқан. Сол жақтан ол Астанаға оқуына баруы керек болған. Қаза болған студенттің әпкесі Гүлзат Құдабаева Tengrinews.kz тілшісіне жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан жиені жайлы және оның қандай жоспарлары болғаны туралы айтып берді.


Рудныйда микроавтобус пен BMW соқтығысып, салдарынан медициналық ЖОО-ның 25 жастағы студенті Дархан Кәрімов қаза болды. Ол Жітіқарада әжесіне берілген астан қайтып, Қостанайға келе жатқан. Сол жақтан ол Астанаға оқуына баруы керек болған. Қаза болған студенттің әпкесі Гүлзат Құдабаева Tengrinews.kz тілшісіне жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан жиені жайлы және оның қандай жоспарлары болғаны туралы айтып берді.

Гүлзат Құдабаеваның айтуынша, сол күні 29 сәуірде үш әпкесі мен олардың балалары микроавтобуспен Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.

"Туыстарымыз әжемізге ас беріп келе жатты. Дархан алдыңғы орындықта отырды, ал анасы салон соңында жолаушылар отыратын жерде отырды. Микроавтобус көлікпен соғысқанда соққының барлығы Дарханға тиген. Ол ұшып кетті. Видеотіркеу құрылғысындағы жазбадан көліктің бірнеше рет аударылып, соған қарай құлағанын көрдік. Осының барлығы Дарханның анасының көзінше болды. Микроавтобуста менің де ұлым болды, бірақ ол артқы жақта отырды. Содан Дарханды ауруханаға жеткіздік, 20 минуттан соң оның көз жұмғанын айтты", - дейді әйел.

Айтуынша, жігіттің болашаққа жоспарлары көп болған. Биыл жазда ол Астанадағы Медициналық университетті аяқтауы керек болған. Грантта оқыған екен. Сондай-ақ, биыл Дархан наурыз айында диспансерге жұмысқа кірген.

"Қостанайда туберкулезге қарсы диспансерде жұмыс істегісі келді. Онда жұмыс істеудің оңай емес екенін біле тұра, өз еркімен сонда барғысы келді. Онда біраз жеңілдіктер берілген еді - анасына пәтер сатып алып беруді армандайтын. Дарханның анасы, менің сіңлім Гүлсара қазір күйініп отыр. Тұңғыш ұлы дүниеден кетті, сүйеніші мен үміті. Тағы екі ұлы бар - 7-9 сынып оқушылары. Өзі дәмханада жұмыс істейді, айлық аз. Енді оның тұңғыш ұлы да жоқ, пәтері де жоқ, бірнеше несиесі де бар", - дейді ол.


Дархан әжесімен бірге

"Дархан жеті жыл бойы тек 4 пен 5-ке оқып келді. Емтихан тапсыруы керек болатын, маусымда диплом алар еді. Өте мейірімді бала еді, тек оқып, жұмыс істеп жүретін. (...), - дейді Гүлзат Құдабаева.

Өз кезегінде полиция өкілдері жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді. Қостанай облыстық ІІД мәліметінше,  "Газель" автокөлігінің 50 жастағы жүргізуші BMW тізгінінде отырған 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген көлікпен соқтығысып қалған.

"Жол апатынан микроавтобустың екі жолаушысы зардап шекті. 1993 жылғы ер адам қаза тапты", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети