Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 327.63
EUR / KZT - 365.73
CNY / KZT - 47.96
RUB / KZT - 5.48

Апат салдарынан үш бірдей поезд кідіріп қалды

06 Ақпан 2014, 16:01
0
Сурет locman.kz сайтынан алынды
Сурет locman.kz сайтынан алынды
Бүгін "Шығанақ-Шу" темір жол бағытындағы бөлімшеде қатты желдің салдарынан №12-52 жүк поездының құрамындағы 15 бос контейнерлер құлап қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміржол бағыттарының контейнерлермен жабылып қалуының салдарынан үш бірдей жолаушылар тасымалдайтын поезд бірнеше сағатқа тоқтап қалды. "Петропавл-Алматы" (4 сағ. 18 минут), Алматы-2 - Жезқазған (4 сағ.) және Астана - Алматы-1 (1 сағ.42 минутқа) кідірді.

"Апатты жою үшін қалпына келтіретін поезд жіберілді. Дәл қазіргі таңда барлық зардаптар жойылып, вагондардың барлығы негізгі кесте бойынша қозғалып кетті", - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Асылханов.

"Петропавл-Алматы" поездының жолаушысы Иван Чапаевтың айтуынша, поезд "Бірлік" станциясына жетпей, тоқтап қалған. "Поезды тіркеп, кері бағытқа қарай сүйреуді бастады, соған қарағанда олар қандай да бір бекетке дейін апармақшы болды... Бірақ жолаушылар арасында шу шыққан жоқ, өйткені вагондардың іші жылы, ыстық және суық су да болды",- дейді ол.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай