Ақмола облысында жаңа жыл түні жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жаңа жыл түні жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр © ridus.ru

Ақмола облысында 18 жастағы жігітті іздеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 18 жастағы жігітті іздеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалып кеткен жігіттің анасы полицияға келіп, ұлы Русланның қаңтардың бірі күні сағат 00:16-те үйден шығып кетіп, сол күйде оралмағанын айтқан. Жігіт мұның алдында ешқашан үйден ұзақ уақытқа кетпеген және ішкі істер органдарында тіркеуде болмаған.

Қазіргі кезде полиция жігітті іздеумен айналысып жатыр. Осыған байланысты Жарқайың ІІАБ құрамынан арнайы іздеу тобы құрылды. Құқық қорғау қызметкерлері оның көрген болуы мүмкін адамдардың барлығынан жауап алды. Соңғы рет куәгерлер оны Державинск қаласындағы вокзалдан көрген екен.

20.04.1998 жылы туған Зингеров Руслан Нұрланұлы үстіне қара-көк түсті баллонды куртка, көкшіл түсті тоқылған свитер, ашық көк түсті джинсы шалбар киген және тоқылған қара бас киімде болған. Бойы - шамамен 165-170 сантиметр, шашы қысқа, қоңырқай түсті, бүкірейіңкіреп жүреді, оң көзінің қылилығы бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети