Ақтөбе облысында полицейдің киімін жыртқан адамның бостандығы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында полицейдің киімін жыртқан адамның бостандығы шектелді ©automag.kz

Ақтөбе облысында полицейдің қызмет жакетін жыртып тастаған азаматқа бостандығын екі жылға шектеу жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында полицейдің қызмет жакетін жыртып тастаған азаматқа бостандығын екі жылға шектеу жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, оқиға 2015 жылы 23 қаңтарда Қандыағаш қаласының Жеңіс даңғылы бойында болған. Мас күйінде келе жатқан азамат қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу міндеттерін атқарып жүрген билік өкілі, Мұғалжар аудандық ІІБ-нің жол-патруль полициясы бөлімшесі қызметкерінің денсаулығына қауiпті емес күш қолданып, қызмет киімін жыртып тастаған.

"Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен полицейдің қызметтік жакетін жыртып тастаған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, бостандығын екі жылға шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Алматыда 2014 жылдың желтоқсанында болған еді. Ол кезде мас жаяу жүргінші Алматыда жол қозғалысын реттеуші полицейді ұрып жықты. Оқиға 25 желтоқсанда кешке Сейфуллин даңғылының Райымбек даңғылымен қиылысына жақын жерде болды. Куәгер тәртіп сақшысы мен ер адамның төбелесе жөнелген әрекетін видеоға түсіріп алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети