Ақтөбе облысында жасөспірімнің жоғалу дерегі бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жасөспірімнің жоғалу дерегі бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды Леонид Ищенко. ©ktk.kz

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында жасөспірім жоғалып кеткеннен кейін полицейлер "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Мой город". 20 желтоқсанда таңғы уақытта Леонид Ищенко әдеттегідей сабаққа кетеді, бірақ мектепте де, үйде де оны ешкім көрмеген. Оны шамамен 1000 полицей мен Хромтау патриоттар клубының 165 волонтері іздестіріп жатыр.

Оның ата-анасының айтуынша, Леонид - момын және көп уақытын үйде өткізетін бала. Сол күні ол сабаққа барғысы келмеген, бірақ ата-анасы оны сабақтан қалмауға міндеттеген. Іздестіру туралы хабарлама қала бойынша ілінген. Жергілікті полицейлер Леонидтің жоғалып кету себебін ата-анасымен ұрысып қалуынан деп есептейді. Жасөспірім әкесі мен шешесіне ренжіп, кетіп қалған көрінеді. Баланың туысқандары бұлай болуы ммүкін еместігін айтады. Айта кетейік, Леонидтің анасы баласын біреулер алып кетуі мүмкін екенін де айтты. "Ол өзі қашып кете алмайтын еді. Мұндай жағдай болмаған. Бұған себеп те жоқ", - деді Лилия Ещенко. 

Облыста соңғы үш айда баланың жоғалып кету дерегі осымен екінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін Ақтөбеде 5 жасар бала жоғалып кеткен еді. Темірлан Сәндібаевтің денесін 23 қазанда саяжай тұрғындары жергілікті саябақтағы өзеннен тапты. Оның әкесі Нұрлыбай Бортаев баласын біреулер өлтіріп кетті деп есептейді. Сот-медициналық сараптамасын жасаған мамандардың айтуынша, Темірлан Сәндібаев табылған уақыттан 10-15 күн бұрын қайтыс болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, денеде зорлық белгілері болмаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети