Ақтөбеде аяғын лифт жұлып кеткен әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде аяғын лифт жұлып кеткен әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Ақтөбеде аяғын лифт жұлып кеткен әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде аяғын лифт жұлып кеткен әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабының 2-бөлігі бойынша ("Сапасыз салынған құрылыс") сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети