29 шілде 2020 11:59

Арқалық тұрғыны 5-қабаттан құлап кете жаздады: оқиғаның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалық полицейлері бесінші қабаттан құлап кете жаздаған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арқалық полицейлері бесінші қабаттан құлап кете жаздаған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 шілдеде Арқалық қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне 5-қабаттың балконындағы ернеуге ілініп қалған ер адам көмек сұрап жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына аға сержант Дүйсенбай Сәбитбеков бастаған автопатрульда кіші лейтенант Мұрат Жамалиев пен полиция кіші лейтенанты Асхат Қайыңдинов келген. 

Аталған мекен-жайға келген тәртіп сақшылары сүйенішке ілініп қалған, бесінші қабаттың балконындағы ер адамды көрген. Жедел түрде пәтерге көтерілген полицейлер ер адамды құтқарып алды. 

Артынша 61 жастағы ер адам балконға шыққан кезде жағдайы нашарлап, бесінші қабаттан құлай жаздағаны анықталған. Бірақ ол балконның сүйенішін ұстап үлгерген. Пәтерде әйелі мен немересі болған. Әйелі ер адамды құтқарып қалуға күші жетпеген. Сөйтіп ол басқа тұрғындардан көмек сұрап, полицияға хабарласқан. 

"Барлығына бес минуттай уақыт кетті. Бастысы ол балкондағы сүйенішті ұстап үлгерген. Мұндай сәттерде тек көмек көрсетуді ғана ойлайсың", - дейді Мұрат Жамалиев.  

Аман қалған ер адамның әйелі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткендері үшін алғысын білдірді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети