01 маусым 2018 09:16

Арқалықта оқушылар зиратты қиратып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалықта мектеп оқушылары зираттың күл-талқанын шығарып кеткен, - деп хабарлайды Аlau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы оларға Арқалық тұрғындары хабарлаған.


Арқалықта мектеп оқушылары зираттың күл-талқанын шығарып кеткен, - деп хабарлайды Аlau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы оларға Арқалық тұрғындары хабарлаған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар зиратқа барғанда ондағы күмбездердің қирағанын көрген. Осы дерек бойынша Арқалықтың ІІБ қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша ("Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында сол күні Арқалықта орта мектептің 11-сыныбында оқитын екі оқушы ұсталды. Олар кінәсін мойындады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, оның қорытындысы бойынша келтірілген шығын өтеледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети