24 қазан 2014 17:08

Арқалықта оқушының зорлануы туралы іс жабылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Арқалық полициясының өкілдері мектеп оқушысының зорлануы туралы іске түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Төрехан Жанғылышев құқық қорғау органы қызметкерлерінің 10 қазан - баланың анасынан шағым түскен күні-ақ оқиғаға қатысы барлардың бәрінен жауап алғанын айтты. 


Арқалық полициясының өкілдері мектеп оқушысының зорлануы туралы іске түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Төрехан Жанғылышев құқық қорғау органы қызметкерлерінің 10 қазан - баланың анасынан шағым түскен күні-ақ оқиғаға қатысы барлардың бәрінен жауап алғанын айтты. 

Еске сала кетейік, Интернет қолданушылары Арқалық әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың блогтарындағы оқушының зорлануы туралы өтініштерді жария еткен болатын. Бұл жазбаларға қарағанда, жоғарғы сыныптың екі оқушысы 3-сынып оқушысына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиғаға қатысушылар, соның ішінде, жәбірленушінің досы да оқушының зорланғанын жоққа шығарып отыр. "21 қазан күні жәбірленушінің анасы полицияға келіп, алдыңғы шағымын қайтып алу жөнінде өтініш жазды. Арызды оқып берейін: "Қылмыстық іс қозғамауды сұраймын, арыздың бұдан ары қаралуын және кінәсіз адамдардың қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуын қаламаймын. Қандай да бір кінә артпаймын. Ұлыммен әңгімелескеннен кейін оған ешқандай зорлық әрекет жасалмағаны белгілі болды. Аулада онымен ешкім сөйлеспей қойғаннан кейін ол осындай әрекетті ойдан шығарған", - деді Жанғылышев.

Оның айтуынша, сол күні-ақ сот-медицина сарапшылары сараптама жүргізді. Оқушының зорланғаны расталмады. "Сарапшы анасының көзінше оның тікішегіне сараптама жасады. Диареяның салдарынан қызару байқалды. Бөгде заттың енуі болмады. Анасы шизофрения диагнозымен психиатриялық есепке алынған. Бізде барлық құжат бар", - дейді полицейлер. 

Жанғылышевтің айтуынша, баласының зорланғанын жоққа шығарған ананың мәлімдемесі бейнетаспаға жазылды. Бұған қоса, оның айтуынша, жәбірленуші Арқалық аймақтық ауруханасына түспеген. Оқушының зорлануы туралы істі жабу жоспарланып отыр. Бұл іс бойынша сот та болмайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети