09 шілде 2014 16:57

Артаевпен жанжалдасқан қыз сараптама нәтижесіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана қаласының тұрғыны Айсұлу Ыбрашоваға бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен болған төтенше оқиға бойынша сот-медициналық сараптамасының нәтижелері берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының тұрғыны Айсұлу Ыбрашоваға бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен болған төтенше оқиға бойынша сот-медициналық сараптамасының нәтижелері берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыбрашованың айтуынша, құжатқа сәйкес, сот-медициналық сараптамасы барысында мынадай дене жарақаттары анықталды: астыңғы жағының сол жақ бұрышы тұсындағы қанталау. Бұл жарақат қатты доғал заттың әсерінен болады, дене жарақаты денсаулықтың өткінші бұзылу өлшемі тұрғысынан "денсаулыққа келген жеңіл нұқсан" деп бағаланып отыр.

Қыз Tengrinews.kz тілшісіне 9 шілдеде бокс федерациясында кездесу болатынын айтты. "Көреміз, мүмкін, ол өз кінәсін түсінетін шығар, жұрт алдында кешірім сұрасын", - деді Ыбрашова.

Vesti.kz порталының хабарлауынша, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Артаевтың басындағы жағдайға араша түсіп, оқиғаның арандатушылық екенін айтты. "Мен Бақтиярды өте жақсы білемін. Ол - байсалды, сабырлы адам. Біз талай жарысты, жиынды бірге өткіздік, ешқашан одан бұзақылықты байқаған емеспін. Ол Олимпиада чемпионы емес, қарапайым адам болғанда мұндай шу болмас па еді деп ойлаймын. Әлгі қыз өзін көрсеткісі келіп жүрген шығар, сол себепті әрнәрсені ілік етіп отыр. Құқық қорғау органдары, біздің тергеушілеріміз мейлінше кәсіби адамдар деп ойлаймын, олар ненің өтірік, ненің шын екенін анықтайтын болады", - деді Сәпиев.

Еске сала кетейік, Бақтияр Артаев астаналық түнгі клубтардың бірінде болған оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты атанған еді. Астана қаласы ішкі істер департаментіне Айсұлу Ыбрашова есімді тұрғыннан шағым келіп түсті, ол 29 маусымға қараған түні Артаевтың өзін бетінен ұрғанын айтты. Ал жанжал болды делінген көңіл көтеру орнының күзетшілері қыздың әрекеттерін жоққа шығарды. Олар Артаевтың клубқа келген қызды ұрғанын көрген жоқпыз деп отыр.

Артаевтың өзі жанжалға қатысты түсінік беріп, керісінше, өзіне қыздың бірінші қол жұмсағанын айтқан еді. "Би алаңында досыммен бірге тар жолмен өтіп бара жатқанмын, кейін айқай естідім де артқа бұрылдым. Кімнің айқайлағанын түсінбедім. Қарасам, досым қызды ұстап тұр, ол айқайлап, біреуді ұрғысы келіп жатыр. Ол мені таныды. Досым қызды сабырға шақырды. Ол қызды босатқан кезде, қыз келіп, мені ішімнен бір тепті. Мен ол туралы айтқым келмеген, бірақ қазір сараптамадан өттім, көзімнің астына дақ түскен", - деді Артаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети