26 маусым 2014 13:06

Арыс қаласындағы кәсіпорында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласындағы оқ-дәріні залалсыздандыру кәсіпорнында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты.


Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласындағы оқ-дәріні залалсыздандыру кәсіпорнында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тағы бір адам зардап шеккен. Аураханаға жеткізілген ол қазіргі уақытта жан сақтау бөлімінде жатыр. Жарылыстың неден болғаны туралы мәлімет әзірше жария етілген жоқ.

Еске салайық, 2009 жылдың наурыз айында Арыс қаласының маңындағы оқ-дәріні залалсыздандыратын "ҚазАрсенал" ҒӨБ" ЖШС аумағында жарылыс болған еді. Алдымен өндірістік бөлмелердің бірінде от шығып, кейін оқ-дәрілер қорының бір мезетте күл-талқан болып жарылуына әкеліп соққан. Ол кезде серіктестік аумағында 39 адам болған. Оның үшеуі қайтыс болып, 17-сі ауруханаға түсті.

Кейін кәсіпорында техника қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Жүргізілген тексерудің нәтижесінде өндіріс орнының бұрынғы басшылары жауапқа тартылды. "ҚазАрсенал" кәсіпорны филиалының директоры, оның орынбасары, бас инженері, ауысым басшысы мен еңбек және техника қауіпсіздігін қорғау жөніндегі инженер түрлі мерзімді жаза арқалады.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети