21 қыркүйек 2019 17:49

Арыс маңында 10 сапер жарақат алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласынан 60 шақырым жерде 10 сапер жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Арыс қаласынан 60 шақырым жерде 10 сапер жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дәрінің фрагменті өздігінен детонация жүргізілді. Нәтижесінде 10 арнайы дайындалған сапер - келісімшарт бойынша әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды.

Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети