ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2019 | 13:52
Арыстағы жарылыс салдарынан үш адам ауыр жарақат алды
Арыс қаласында болған жарылыстан кейін Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына алғашқы зардап шеккендер келіп түсті, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арыс қаласында болған жарылыстан кейін Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына алғашқы зардап шеккендер келіп түсті, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.
Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай қазір үш адам ауыр жағдайда жатқанын, барлығы он адам зардап шеккенін хабарлады.
"Адамдар келіп жатыр, біз оларды қабылдап, бірден барлық қажетті көмек көрсетіп жатырмыз. Зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз. Қазір сөйлесе алмаймын, кешіріңіз", - деді Абылай Донбай.
Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады - Шүкеев
Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.
Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.
Показать комментарии
Читайте также