"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияев қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияев қамауға алынды © Strategy2050.kz

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Астананың №2 Алматы аудандық соты Ермегияевтің үй қамауына алынғанын растады.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновті қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. "Астананың №2 Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновке қатысты Астана прокуратурасымен келісілген және сотқа дейінгі тергеу органының таңдаған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта Үсенов "ЭКСПО-2017" кеңесшісі қызметінде. Үсеновке бюджеттен 214 000 000 теңгені жымқырды және аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келді", - делінген Жоғарғы сот баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети