ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров "Астана ЭКСПО" компаниясынан 10 миллиард теңгеден аса қаржының қолды болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров "Астана ЭКСПО" компаниясынан 10 миллиард теңгеден аса қаржының қолды болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұрынғы лауазымды тұлғаларға қатысты істі сотқа дейін тергеу аяқталды. Қазір біз қылмыстық іс материалдары арқылы айыпталушылармен, жәбірленушілермен танысып жатырмыз. Іске 24 адам тартылып отыр. Иемдену арқылы қолды болған ақша 10 миллиард 200 миллион теңге болды. Оның ішінде Ермегияевтің 4 миллард 200 миллион теңгені алғаны дәлелденді", - деді Парламент мәжілісі кезінде Қайрат Қожамжаров.
Еске сала кетейік, 12 маусымда "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамауына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген. Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынды. Талғат Ермегияевке Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.
Айта кетейік, 16 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Айгүл Шайымова "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегиявқа қатысты іс туралы жаңа мағлұматтарды жария етті. Ол кезде Ермегияевтің пара ретінде қолма-қол 4 миллиард 200 миллион теңге алғаны анықталды.