© unsplash.com
Астана маңында адамның қаңқасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана маңында адамның қаңқасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, қаңқаны Астана қаласының 51 жастағы тұрғыны тапқан.
"17 тамызда сағат 20.05-те 102 пультіне Целиноград ауданы Малотимофеев ауылынан 3 шақырым жерден Астана-Костомар тасжолында адамның қаңқасы жатқаны жайлы хабарлама келді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Адам қаңқасы қазіргі уақытта мәйітханаға жеткізілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.