22 шілде 2018 13:28

Астана полицейлері жаяу жүргіншілер жолында балаларды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет Куәгерлер жолдаған сурет

Астанада полицейлер велосипед тепкен екі баланы патрульдік көлікпен қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада полицейлер велосипед тепкен екі баланы патрульдік көлікпен қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгер оқиғаның суреттерін редакциямызға жолдап, жол апатының 20 шілдеде болғанын хабарлады.

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы туған баланы велосипедіне отырғызып кетіп бара жатқан 13 жастағы жеткіншек жаяу жүргіншілер жолынан жолға қарай шығып кеткен.

"Сейфуллин мен Рахимов көшелерінде 20 шілдеде болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты барлық қажетті процессуалдық құжаттар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасына жөнелтілді", - деді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Куәгер жолдаған сурет.

Сонымен қатар, Астана полициясындағылар бұл оқиғадан ешкімнің зардап шекпегенін айтты. "Кәмелет жасқа толмаған балалар медициналық мекемеге бармаған. Дерек Астана ІІД ЖБО бейне бақылау камераларының жүйесімен тіркелді", - деді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети