27 наурыз 2024 09:19

Астана түбінде тұрғындары жолды жауып тастаған ауылда бір түнде 80 мың текше метр су тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД басшысының міндетін атқарушы Қанат Доспаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"27 наурыз сағат 06:00 жағдай бойынша, 80 мың текше метр еріген су тартылды. Ақмола облысы мен Астана ТЖД және ЖАО 17 техникасы, 76 адамы және 18 мотопомпасы жұмылдырылды. Жағдай қалыпты", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының ума Қанат Доспаев

Айта кетейік, түнде Қоянды ауылының 50-ге жуық тұрғыны су тасқынына қарсы іс-шараларға көңілі толмайтынын айтып, ауыл әкімдігі маңындағы жолды жауып тастады. Куәгерлер түсірген кадрларда адамдарды полиция мен арнай жедел отряд ұстап тұрғанын көруге болады.

Оқиға орнына аудан әкімі Бахидбек Оспанбеков пен ТЖД басшысы Қанат Доспаев барған. Шенеуніктер жергілікті тұрғындармен кездесіп, мән-жайды анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети