Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты. Астана тұрғынының 9-қабаттағы өртеніп жатқан пәтерден төсек жаймасын пайдаланып түспек болғаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып алды.
"Астананың Сарайшық ауданында, Ж. Нәжімеденов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі 9-қабаттағы пәтерде өрт шықты. Жедел жеткен өртсөндірушілер автосатыны балконға орнатып, ер адамды құтқарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өртсөндірушілер келгенге дейін ер адам бірнеше төсек жаймасын байлап, өз бетінше өттен құтылуға тырысқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!