26 қаңтар 2015 18:18

Астанада 11 жастағы қызға тиіскен Әзірбайжан азаматы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Interfax.ru ©Interfax.ru

Астанада кәмелет жасына толмаған қызға қырындаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада кәмелет жасына толмаған қызға қырындаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласының ішкі істер департаментіне қала тұрғыны хабарласып, 23 қаңтарда шамамен сағат 15.00-де үйінің кіреберісінде өзінің 11 жастағы қызына белгісіз біреудің қырындағанын айтты. Жедел түрде өткізілген іс-шара кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Әзірбайжанның 22 жастағы азаматы болып шықты", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Полицейлер күдіктінің Астанаға туысқандарының үйіне қонаққа келгенін анықтады. Қалаға келген ол көші-қон полициясына осы жылдың 17 қаңтары мен 14 ақпан аралығы мерзімінде елде болуға ресми түрде тіркелген.  

Қазіргі уақытта осы дерекке сәйкес ҚР 124-бабы бойынша ("Кәмелетке толмағандарды азғындау") қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети