Астананың сол жағалауындағы 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Үйдің бірінші қабатында орналасқан SPA-салоны өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Салонға келушілер өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрт аумағы 20 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел ауыздықтады.
ТЖМ өрт сөндіру сәтінен кадрлар жариялады.
Еске сала кетейік, кеше Астанада LRT жолында өрт шыққан еді. Өрт аумағы 1 метр болды.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР