Астанадағы Сығанақ көшесінде орналасқан LRT жолында өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Астанадағы Сығанақ көшесінде орналасқан LRT жолында өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, электрмен жабдықтау желісі ажыратылып, өрт сөндірушілер Vario Carbon ранцтық дербес өрт сөндіргіш көмегімен сөндіруге кіріскен.
Өрт аумағы 1 метр болды.
Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді.
Айта кетейік, елордадағы жеңіл рельсті көлік Astana LRT атауы ресми түрде өзгерді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек тиісті қаулыға қол қойды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!