Елордадағы жеңіл рельсті көлік Astana LRT атауы ресми түрде өзгерді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек тиісті қаулыға қол қойды. Tengrinews.kz тілшісі өзгерістерді көру үшін LRT станцияларының біріне барып қайтты.
Елордадағы жеңіл рельсті көлік Astana LRT атауы ресми түрде өзгерді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек тиісті қаулыға қол қойды. Tengrinews.kz тілшісі өзгерістерді көру үшін LRT станцияларының біріне барып қайтты.
LRT енді қалай аталады?
Жуырда Астана әкімі Astana LRT атауын өзгерту туралы қаулыға қол қойды. Бұл шешімге жаңа атау ретінде Tarlan Astana нұсқасын ұсынған ономастика комиссиясының қорытындысы негіз болды. Бұған дейін бұл атауды қалалық мәслихат депутаттары да қолдаған.
"Астана қаласының жеңіл рельсті көлік жүйесіне "Tarlan Astana" атауы берілсін. Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын", – делінген әкім қаулысында.
LRT операторы City Transportation Systems (CTS) компаниясы да атаудың өзгергенін растады.
Станцияларда не өзгерді?
CTS мәліметінше, LRT станцияларындағы электрон дисплейлерде жаңа атау көрсетіле бастады. Tengrinews.kz тілшісі мұны өз көзімен көрді.
Сурет: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Сондай-ақ жол жүру карталарындағы атау да алдағы уақытта жаңартылады.
Сурет: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Ал станциялар маңындағы бағыттаушы тақтайшаларда әзірге бұрынғы Astana LRT атауы сақталған. Компания инфрақұрылымның барлық элементі кезең-кезеңімен жаңартылатынын айтты.
Сурет: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Бұған дейін Астана қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан Қасымбергебаев LRT атауын өзгерту туралы шешім туристер мен елорда қонақтарының бұл көлік жүйесін Қазақстанмен байланыстыруы үшін қабылданғанын айтқан еді.
Оның сөзінше, LRT – көлік түрінің техникалық атауы ғана. Ал көптеген елде жеңіл рельсті көліктің тұрғындарға түсінікті әрі үйреншікті өз атауы болады.
Жобаның көп жылдан бері жалғасып келе жатқан даулы тарихынан алшақтау үшін атау өзгертілді ме деген сұраққа депутат мұндай себептің де бар екенін мойындады. Алайда оның айтуынша, басты мақсат бұл емес.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!