Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтындағылар Астанада15-қабаттан көліктің үстіне құлап түскен қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтындағылар Астанада15-қабаттан көліктің үстіне құлап түскен қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жағдайы әлі де ауыр. Әзірше жансақтау бөлімінде жатыр, бізде ем қабылдайтын болады. Кеше кешкісін ол есін жиды, қазіргі уақытта өздігінен дем алып жатыр", - деді анестезиолог Сәуле Тайжанова.
Дәрігердің айтуынша, қыздың қанша уақыт жансақтау бөлімінде жататыны белгісіз.
"Оның жағдайы тұрақталғанда омыртқасына ота жасалуы керек, сол себепті басқа бөлімге ауыстырылады", - деді анестезиолог.
Еске салайық, осыған дейін Астанада Министрлік үйіне қарама-қарсы үйдің 15-қабатынан қыз баланың құлап, көліктің үстіне түскені хабарланған еді. Полициядағылар қыз баланың ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. "Тексеру жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз, - деп хабарлаған еді Астана ІІД ресми өкілі Софья Қылышбаева.