Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қыз есін жиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қыз есін жиды

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтындағылар Астанада15-қабаттан көліктің үстіне құлап түскен қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтындағылар Астанада15-қабаттан көліктің үстіне құлап түскен қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайы әлі де ауыр. Әзірше жансақтау бөлімінде жатыр, бізде ем қабылдайтын болады. Кеше кешкісін ол есін жиды, қазіргі уақытта өздігінен дем алып жатыр", - деді анестезиолог Сәуле Тайжанова. 

Дәрігердің айтуынша, қыздың қанша уақыт жансақтау бөлімінде жататыны белгісіз. 

"Оның жағдайы тұрақталғанда омыртқасына ота жасалуы керек, сол себепті басқа бөлімге ауыстырылады", - деді анестезиолог.

Еске салайық, осыған дейін Астанада Министрлік үйіне қарама-қарсы үйдің 15-қабатынан қыз баланың құлап, көліктің үстіне түскені хабарланған еді. Полициядағылар қыз баланың ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. "Тексеру жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз, - деп хабарлаған еді Астана ІІД ресми өкілі Софья Қылышбаева.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course up  582.47  course up  6.46  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети