26 сәуір 2017 10:34

Астанада 20 жастағы қыз секс-құлдықтан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dubai.in.ua © dubai.in.ua

Астана полицейлері 20 жастағы қызды секс-құлдықтан құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана полицейлері 20 жастағы қызды секс-құлдықтан құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері алматылық 20 жастағы қызды Астанада секс-құлдыққа салмақ болған Тараздың 33 жастағы тұрғынын ұстады. 

"Зардап шеккен қыздың айтуынша, ұсталған ер адам оған үйленемін деп, анасымен таныстыруға уәде берген. Осылайша ер адам қызды Астанаға әкеліп, 50 мың теңге көлемінде сыйақысын алып, қызды секс-құлдыққа салмақ болды. Ер адамнан 50 мың теңге тәркіленді", - делінген Астана қалалық ІІД хабарламасында.

Зардап шегушінің ер адаммен Алматыда танысқаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам өз әрекетін мойындады, қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ұсталған ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети