Астанада 64 жастағы әйел көпқабатты үйден құлап кетті

26 Шілде 2017, 15:46
0
Астанада 64 жастағы әйел көпқабатты үйден құлап кетті - © bebi74.ru
© bebi74.ru

Астана орталығындағы көпқабатты биік үйден 64 жастағы әйел құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілдері бұл деректі растады. Әжей Достық көшесінде орналасқан үйдің терезесінен құлап кетіп, оқиға орнында мерт болды. Бұл оқиға туралы кезекші бөлімге сағат 13:00 кезінде хабарланған. 

"Алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен 1953 жылы туған әйел адам құлап кетті. Марқұмның кім екені анықталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болған жәйттің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай