27 шілде 2023 15:45

Астанада автобус жүргізіп келе жатқан жүргізушінің жүрегі тоқтап қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада автобус жүргізушісі жүрегі тоқтап қаза болды. Бұл ақпаратты CTS көлік компаниясы да растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада автобус жүргізушісі жүрегі тоқтап қаза болды. Бұл ақпаратты CTS көлік компаниясы да растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды.

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі оқиғаның 27 шілдеде сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасына жақын жерде болғанын хабарлады.

"Маршрут бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан жол шетіндегі қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды.

Өлімнің негізгі себебі - жүректің тоқтап қалуы. Автобус жүргізушісінің 15 жылдық тәжірибесі болған. Жүргізуші демалыстан кейін жұмысқа шыққанына екі күн. Жұмыс алдында сағат 05:54 те медициналық тексеруден өткен", - деді CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Біз отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деді CTS көлік компаниясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети