1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада автобус ұшыраған жол апатынан 11 жастағы бала қайтыс болды 21 қыркүйек 2017, 14:30

Астанадағы Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында болған жол апатына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Астанадағы Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында болған жол апатына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қыркүйекте шамамен сағат 10.00-де Тoyota-RAV-4 көлігінің 47 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып Пушкин көшесіне өтер кезде Кенесары көшесімен келе жатқан автобуспен соғысып қалған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Тoyota-RAV-4 көлігінің жолаушысы 2006 жылғы бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Автобустың үш жолаушысы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, олардың екеуі дәрігердің тексерісінен кейін үйлеріне қайтарылды. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.



Join Telegram