02 ақпан 2015 17:14

Астанада азаматтарға маза бермейтін таксистерге айыппұл салына бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астана полицейлері азаматтарға беймаза жармасқан төрт такси жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астана полицейлері азаматтарға беймаза жармасқан төрт такси жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласының темір жол вокзалынан 42 жастағы әйел полицияның желілік бөліміне хабарласты. Ол вокзал ғимаратының кіреберісінде такси қызметін беймаза ұсынатын белгісіз адамдарға қатысты шара қолдануды сұрады. 

Жедел-іздестіру шарасы барысында Астана мен Ақмола облысының 1955, 1973, 1985, 1990 жылы туылған тұрғындары ұсталды.

Көлік полицейлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 1-бөлімі - азаматтарға жеке тасымалдау қызметін беймаза ұсыну бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. 

Бұл деректер туралы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Садықовтың түсінік берді, оның айтуынша, такси жүргізушілерінің беймаза қылығы қайыр сұраумен бірдей, ал мұндай әрекет үшін заң бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш (9910 теңге) көлемінде айыппұл салынады, егер бір жылдың ішінде қайталанатын болса 10 айлық есептік көрсеткіш (19820 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалады немесе бес күнге дейін әкімшілік қамауға алынады. Егер мұндай құқық бұзушылықты шетел азаматтары жасайтын болса, олар бес күнге дейін әкімшілік қамауға алынып, елден қуылады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха беймаза әрекетті дәлелдеудің оңай екенін айтқан болатын. "Әкімшілік кодекстің мұндай әрекеттерді дәлелдеуге қатысты тәртіптері өте қарапайым. Бар болғаны оқиғаны телефонға түсіріп, ақпаратты бізге жеткізу керек. Бұл біз үшін жеткілікті", - деді Лепеха.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети