Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада бес айлық сәби жол-көлік оқиғасынан зардап шекті

16 Ақпан 2015, 18:26
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Астанада көлікте бекіту құралынсыз тасымалданған бес айлық сәби жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Жамбыл және 188-көшелердің қиылысында, №10 емхана маңында екі автокөлік соғысып қалды. BMW автомобилі бұрылыста қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігіне жол бермеді. Жол апатының салдарынан көлікте анасының қолында балаларға арналған құрылғыға бекітілместен тасымалданған бес айлық сәби зардап шекті", - делінген хабарламада. 

Бала түрлі деңгейдегі жарақатымен балалар ауруханасына жеткізіліп, оған медициналық жәрдем көрсетілді. Қазіргі уақытта баланың денсаулығы жақсы. Жол апатынан BMW көлігіндегі үш жолаушы зардап шекті, оларға да қажетті медициналық жәрдем көрсетілді.

"Егер сәби балаларға арналған бекіту құрылғысында, автобесікте отырғанда мұндай жарақаттың алдын алуға болар еді", - деді Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лариса Красникова. "Баланы қолда ұстап тасымалдауға тыйым салынады. Соғысқан кезде, дереу тоқтаған сәтте немесе сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келіп соғылғанда жолаушының салмағы 30 есе көбейіп кетеді. Егер баланың салмағы 10 келі болса, соқтығысу кезінде шамамен 300 келі болады және оны алдыңғы орындықтың арқалығы мен шеткі терезеге соқпай, ұстап отыру мүмкін болмайды. Сондықтан баланы қолда ұстап тасымалдау өте қауіпті", - деді ол. 

Қазіргі уақытта полицейлер Астанада "Бала - басты жолаушы" деп аталатын түсіндіру акциясын өткізіп жатыр. Оның басты мақсаты - көлік жүргізетін ата-аналарға балаларға арналған бекіту құрылғысын қолдануды ескерту. Баспасөз өкілдерінің айтуынша, жол апаты кезінде мұндай құрылғылардың болуы емшектегі балалардың арасындағы өлім-жітім деңгейін 71 пайызға азайтады, ал 2 жастан жоғары балалардың арасында 54 пайызға азайтады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай